Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Шымкент қаласында алғашқы 6 күнде 545 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
Атап айтсақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарынан - 215, медициналық жедел жәрдем көрсету мекемесінен - 77, инфекциялық ауруханадан - 54 медицина қызметкері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінен - 39 маманға екпе егілді. Қалғандары қалалық медицина ұйымдары мен ауруханалардың медицина қызметкерлеріне салынды.
Сондай-ақ, «Спутник-V» вакцинасын тасымалдау, сақтау және қолдану ҚР ДСМ БМСД 27.01.2021 жылғы №3 қаулысына сәйкес атқарылуда. Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеген.