Шымкентте 6 адам коронавирустан емделіп шықты

0
698

Шымкентте барлығы 29 адам бұл індеттен айыққан.


Шымкентте 6 адам коронавирустан емделіп шықты

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан "COVID-19"-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 бен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары.

Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті.

Осыған орай, олар 27 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Бүгінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясына шалдыққан 29 науқас дертінен айығып шықты.