Қалада 45 екпе егу бекеті жұмыс жасауда.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында соңғы тәулікте КВИ-дің 154 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 98, белгілері жоқ – 56), деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 37 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 117 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 39%-ды құрайды, 539 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 344 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 44 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 399 адам вакцина алды (I компонент- 173, II компонент- 226). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 160 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 813 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 36 716 адам, II компонентін 14 814 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 83 893 адам ревакцинацияланды.
Қалада 45 екпе егу бекеті жұмыс жасауда.