Шымкентте 9 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

0
538

Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген.


Шымкентте 9 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үкімет басшысы вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты.
Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 12-17 жастағы балалар. Сондай-ақ, қосымша 16 314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда.
Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен вакцинациялау басталды. «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентімен 8 869 адам егілді, 2-ші компонентімен 1 205 адам егілді.
Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу басталды, бүгінге 7 354 адам ревакцинацияланды. Сонымен қатар, тұмауға (грипп) қарсы вакцинамен 130 327 адам қамтылды, бұл 100 пайызды құрайды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.