Шымкентте жедел жәрдем станцияларының 900-ге жуық маманы аттестациядан өтеді

0
674

4 308 медицина маманына жалпы 5,1 млрд теңге көлемінде қосымша ақы төленді.


Шымкентте жедел жәрдем станцияларының 900-ге жуық маманы аттестациядан өтеді

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 21 қазанына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 216 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте ешбір жұқтыру дерегі тіркелмеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласында осы жылдың 22 қазанында Жедел жәрдем станциясының 900-ге жуық маманы аттестациядан өтеді. Яғни, алғашқы көмек көрсету және науқастардың төрт дәрежесін (жеңіл, қосымша ауруы жоқ орта, қосымша ауруы бар орта және ауыр) анықтау оқытылады, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Сонымен қатар 4 308 медицина маманына жалпы 5,1 млрд теңге көлемінде қосымша ақы төленді. Ал ковид жұқтырған және пневмонияға шалдыққан 394 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындалды.

Эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша жұмыстар жалғасуда.