Шымкентте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

0
2 904

Жобалық кеңсе қызметінің бағыты мемлекеттік қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары және т.б. мәселелеріне қатысты болады.


Шымкентте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін таратуды тапсырды. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның міндеті – азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру болып табылады. Жобалық кеңсе қызметінің бағыты мемлекеттік қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары және т.б. мәселелеріне қатысты болады.

"Шымкент – адал алаңы" жобалық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О. Бектенов, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә. Көмекбаев, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының бастығы М.Қарымсақов, қала әкімнің орынбасары Д.Жумин, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Олжас Абайұлы "Шымкент-адалдық алаңы" жобасының маңыздылығы туралы мәлімдеді.

«Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз» - деді ол.

Сонымен қатар, қалада "адалдық алаңын" құру бастамасын өңір әкімдігі белсенді қолдады.

"Жобалық кеңсенің қызметі халыққа сыбайлас жемқорлықтан азат жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді Д.Жумин.

Жоба таныстырылымын Агенттік Төрағасы А.Шпекбаев және Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қол қойған ұйымның Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді түсіндіре отырып жобалық кеңсенің басшысы Е. Төлебаев дайындады.

Айта кету керек, жобаны іске асыру тиімділігін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді.