Әдістемелік десанттың мақсаты – педагогтерге оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Шымкент қаласының Білім басқармасының бастамасымен «Әдістемелік десант» топтары құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әдістемелік десанттың мақсаты – педагогтерге оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдауға қажет консультациялық көмек көрсету.
Ең алдымен топ мүшелері Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда педагогтерге әдістемелік құралдар мен нормативтік құқықтық актілер жиынтығын түсіндіру бойынша консультациялық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, білім беру ұйымына әдістемелік құралдар мен нормативтік құқықтық актілер жиынтығы таратылды.