Шымкентте Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда

0
74

Жолдың бойында аяқжолдар мен түнгі жарық шамдарын орнату қарастырылған.


Шымкентте Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысын жеңілдету және көлік кептелісінің алдын алу мақсатындағы жобалар жалғасуда.

Соның бірі – Таскен шағынауданы арқылы Тұран шағынауданына шығатын Ақсүмбе көшесін созу жұмысы жалғасуда.

Бұл жоба тұрғындардың ыңғайлы қатынауына, көлік ағынын тиімді реттеуге және шағынаудандар арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған. Құрылыс 2025 жылдың қараша айында басталып, қазіргі таңда нысан аумағында тиісті инженерлік және жол құрылысы кезең-кезеңімен атқарылуда.
Жобаның жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Жолдың бойында аяқжолдар мен түнгі жарық шамдарын орнату қарастырылған. Сондай-ақ, жол құрылысына байланысты инженерлік желілердің де орны ауыстырылады.
Нысан 2026 жылдың соңына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бөлісу