Шымкентте алғаш рет жасанды буын қою отасы жасалды

0
2 650

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың мамандары тізе буынын эндопротездеу операциясын жасады.


Шымкентте алғаш рет жасанды буын қою отасы жасалды

Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жасанды буын қою отасы жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осыдан тура бір жыл бұрын 21 жастағы Умид Тлаповтың аяғына ісік пайда болған. Уақыт өткен сайын жас жігіттің аяғындағы ісік үлкейіп, салдарынан төсек тартып қалған. Сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықтың мамандары тізе буынын эндопротездеу операциясын жасап шықты. Мұндай күрделі отаны жергілікті дәрігерлер алғаш рет жасап, операцияны сәтті аяқтаған.

Медицина мамандары науқастың аяғындағы ісікті алып тастап, орнына жасанды буын қойып берген.

Бірнеше уақыттан бері төсекке таңылған жас жігіт бірден аяққа тұрған. Дегенмен дәрігерлер Умидке отадан кейін күтіну қажет екенін айтады.


Айта кетейік, шымкенттік онкологтар аймақтағы әріптестері арасында мұндай отаны бірінші болып жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бұл уақытқа дейін мұндай операциялар Алматы қаласындағы онкологиялық институтта ғана жасалып келген екен. Енді жергілікті ақхалаттылар қатерлі ісікке шалдығып, эндопротездеу операциясын қажет ететін науқастарға жоғары деңгейде ота жасауға дайын.