16 жастағы науқаста туабітті жүрек ақауы мүлде байқалмаған, тіпті спортпен шұғылданып жүрген.
Шымкенттегі қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет жасөспірімнің жүрегіне күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
16 жастағы науқаста туа бітті жүрек ақауы мүлде байқалмаған, тіпті спортпен шұғылданып жүрген. Анасының айтуынша, ұлының бет-аузы бірден ісініп, қан қысымы қайта-қайта көтерілген.
- Жедел жәрдеммен ауруханаға келдік. Дәрігерлер жедел ота жасау керек екендігін айтқанда өзіміз де түсінбей қалдық. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында балам аман, оның еш жерін кеспей, лазермен күрделі ота жасады,- дейді науқастың анасы Мадина Әзімова.
Операция жарты сағатқа созылған. Қазіргі таңда жасөспірім дәрігерлердің бақылауында, жағдайы қалыпты.