Шымкентте алғашқы тәулікте 180 адамға вакцина салынды

0
2 299

Вакцина салдырған азаматтардың денсаулық жағдайы жақсы.


Шымкентте алғашқы тәулікте 180 адамға вакцина салынды

Шымкент қаласында 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен еріктітүрде вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқы тәулікте 180 азаматқа вакцина салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


- Вакцина салдырған азаматтардың денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін жанама ешқандай әсері байқалған жоқ,- дейді медицина мамандары.


Шымкент қаласына “Спутник-V” вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Екпе егу жұмыстарын жүргізу қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер егуге келген адамды міндетті түрде тексереді.