Шымкентте аптап ыстық әсерінен медиабордтар 3 күнге уақытша өшіріледі

0
105

Қоғамдық көліктердің қозғалысы мен автобустардың келу уақыты туралы өзекті ақпаратты AVTOBYS мобильді қосымшасы арқылы онлайн көруге болады.


Шымкентте аптап ыстық әсерінен медиабордтар 3 күнге уақытша өшіріледі

Шымкент қаласында ауа температурасының қалыптан тыс жоғары болуы қаладағы аялдамаларда орнатылған медиабордтардың бір бөлігіне кері әсерін тигізуде.

Осыған байланысты жабдықтың тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында медиабордтар 3 күнге уақытша өшірілетінін хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде мамандар жабдықтарға техникалық диагностика жүргізіп, салқындататады және қажет техникалық қызмет көрсетеді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін медиабордтар қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады.
Қоғамдық көліктердің қозғалысы мен автобустардың келу уақыты туралы өзекті ақпаратты AVTOBYS мобильді қосымшасы арқылы онлайн көруге болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.


Бөлісу