Шымкентте ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

0
84


Шымкентте ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Шымкент қаласында ардагерлер арасында дәстүрлі спорттық іс-шара аясында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенді өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін, логикалық ойлау қабілеттерін, шыдамдылығы мен табандылығын таныта білді. Ардагерлердің әрқайсысы жарысқа жоғары дайындықпен келіп, тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті.
Аталған іс-шара ардагерлер үшін тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар жағымды көңіл-күй сыйлаған мерекелік шараға айналды.


Бөлісу