Шымкентте ардагерлерінің жеке куәліктерін жаңартуға мобильді топ көмектесті

0
767

348 азаматқа Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделіп, дайын құжаттары берілді.


Шымкентте ардагерлерінің жеке куәліктерін жаңартуға мобильді топ көмектесті

Шымкентте ардагерлерінің жеке куәліктерін жаңартуға мобильді топ көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдай режимі кезінде және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 күн ішінде мерзімі өткен немесе өтетін жеке басты куәландыратын құжаттардың республиканың аумағында жарамды деп тану туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысы қабылданған болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаментімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының Полиция басқармаларының мамандарымен бірлесіп, жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастыруда.
Сондай-ақ, Көші-қон қызметі басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 348 азаматқа Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделіп, дайын құжаттары берілді.