Шымкентте асфальт жол опырылып, көліктер батып қалды

0
810

Куәгерлер бұл жағдайды видеоға түсіріп алған.


Шымкентте асфальт жол опырылып, көліктер батып қалды

фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан скриншот
Шымкент қаласында жолдың қақ ортасында асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Куәгерлер бұл жағдайды видеоға түсіріп алған. Аталған бейнежазба kritika.shymkent парақшасында жарияланды.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл ақпаратты растады. Апатты жағдай А-2 айналма жолында болған.

А-2 айналма жолында қыс мезгілінде жауын-шашынның салдарынан сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің көптеп жүруінен асфальтбетон қабатында ақаулар пайда болды. Осыған байланысты, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жолдарда пайда болған кемшіліктерді жою мақсатында шұғыл шаралар қабылдануда”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Басқарма мәліметінше, қазіргі таңда мердігер мекеме “Ақсемсер” ЖШС тарапынан уақытша өрнектастармен және фреза асфальтбетон материалдарымен ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
Жол-жөндеу жұмыстары үшін қолайлы ауа-райы жағдайы орныққан кезде көшелердегі барлық шұңқырларды қайта ыстық асфальтбетон қоспаларымен жамау жұмыстары атқарылады”, - деді жауапты мамандар.