Оған қоса жарылыс болған.
Шымкент қаласында әуе шары тұрғын жайдың үстіне құлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Салдарынан бірнеше шағынаудан электр жарығынсыз қалды. Желіде тараған видеода байқалғандай, әуе шары электр желісіне ілініп, жарылыс болған.
Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға бүгін кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағын ауданында орны алған. Жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілген. Сондықтан Тұран шағын ауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуаты өшірілген.
"Қазіргі таңда "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарды сабырлық танытуға шақырамыз", - деп хабарлады Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.