Шымкентте "Бақытты отбасы" арқылы 2%-дық несиемен үй сатып алуға болады

0
3 042

«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады.


Шымкентте

Шымқалада «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. Несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна болған жағдайда, оларға несие жылдық 2% мөлшерлемемен беріле бастайды. Займ мерзімі – 20 жылға дейін.

Атап айтсақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Ең жоғары займ сомасы Шымкент қалаласында 15 миллион теңгені құрайды. Жылжымайтын мүлікті несие алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақта ғана сатып ала алады.