​Шымкентте баспана кезегіндегі 51 адам пәтерлі болды

0
65

Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.


​Шымкентте баспана кезегіндегі 51 адам пәтерлі болды

Шымкент қаласының Ақжайық шағынауданында 51 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа пәтердің кілттеріне ие болды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға «2-10-20» және «5-10-20» несиелеу бағдарламалары аясында Отбасы банкі арқылы беріліп отыр.
Жаңа қонысты болған тұрғындардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Айта кету керек, мұндай жобалар баспана қолжетімділігін арттыруға және оған аса мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған жүйелі әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Бөлісу