Шымкентте бір тәулік ішінде 7 мыңнан астам адам вакцина салдырды

0
359

Егу науқаны басталғалы барлығы 221 201 адам вакцинацияланды.


Шымкентте бір тәулік ішінде 7 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Шымкент қаласында бір тәулік ішінде 7100 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 37 жағдай (24-і симптоммен, 13-і симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 40 адам емделіп шықты.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 503 науқас ем қабылдап жатыр, оның 306-сы инфекциялық стационарда емін жалғастыруда.
Ал бір тәулік ішінде қалада 7 100 адам вакцина алды. (I компонент-3999, II компонент-3101). Егу науқаны басталғалы барлығы 221 201 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 125 316 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр.