Егу науқаны басталғалы барлығы 38107 адам вакцинацияланған.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында соңғы тәулікте 7112 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 111 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 73, белгілері жоқ - 38).Оның 39-ы инфекциялық стационарға жатқызылса, 72 адам үй бақылауында. 3265 адамнан ПТР зерттемесі алынған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын), төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 657 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 353 науқас емделуде (КВИ-210, пневмония- 131, ЖРВИ- 12), жансақтау бөлімінде - 19 (7 ИВЛ, 12- НИВЛ).
Егу науқаны басталғалы барлығы 38107 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6185 адам вакцинаның екінші компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 21 мобильдік топ соңғы тәулікте 385 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.