​Шымкентте бір топ адам заңсыз майнингпен айналысқан

0
394

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.


​Шымкентте бір топ адам заңсыз майнингпен айналысқан

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекетін ҚР ҚМА қызметкерлері әшкереледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлағандай, Бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұл саладағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін белгілі бір тәуекелдердің туындауына алып келеді.