Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер 3000 АҚШ долларын алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
фото: Шымкент ПД жариялаған видеодан скриншот
Шымкент қаласында жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылды.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ күдіктілердің өз бетінше иемденіп алған екі автокөлікті заңды иесіне қайтарды.
Күдіктілер қала тұрғынына психологиялық қысым көрсетіп, келтірілген залалды өтеу сылтауымен ақша талап еткен. Сонымен қатар, олардың тарапынан көлік құралдарын заңсыз иемдену фактілері орын алған.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер 3000 АҚШ долларын алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция ескертеді: кез келген қысым көрсету, бопсалау және заңсыз материалдық пайда табуға бағытталған әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


