Акция барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген және түрлі берешегі бар 19 азаматтың нақты тұрғылықты мекенжайы анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы 2026 жылғы 1–3 шілде аралығында қала аумағында «Борышкер, алимент төлеушілер мен туыстық байланысын үзген адамдарды іздеу» республикалық акциясын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, алимент бойынша берешегі бар азаматтарды анықтау, сондай-ақ туыстық байланысын үзген адамдарды іздестіру жұмыстарын күшейту.
Акция барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген және түрлі берешегі бар 19 азаматтың нақты тұрғылықты мекенжайы анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарды сот шешімдерін уақытылы орындауға, ал алимент бойынша берешегі бар азаматтарды қарыздарын өз еркімен өтеуге шақырады.


