1050 автокөлік тексеріліп, оларға айыппұл төлеу қажеттігі туралы жалпы 7 млн 938 мың 485 теңгені құрайтын 695 нұсқама ұсынылды.
Шымкентте "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Республикалық "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 8-16 ақпан аралығында ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында қала көшелерінде жалпы 1050 автокөлік тексеріліп, олардың айыппұл төлеу қажеттігі туралы жалпы 7 млн 938 мың 485 теңгені құрайтын 695 нұсқама ұсынылды.
Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге бейнебақылауда интегра жүйесі және «автоураган» арнайы көлігі арқылы жеке сот орындаушылардың атқару құжаттарымен шектеу қойылып, 21 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.