Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 026

Нұрсәт шағынауданындағы құрылыс нысандарының бірінде абайсызда үш жұмысшы топырақ астында қалып, оның екеуі көз жұмған болатын.


Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласында 8 қараша күні кешкі 20.24. шамасында құрылыс жұмыстары барысында орын алған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нұрсәт шағынауданындағы құрылыс нысандарының бірінде абайсызда үш жұмысшы топырақ астында қалып, оның екеуі көз жұмған болатын. Осы қайғылы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігімен (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің айтуынша, оқиғаның анық қанығын білу үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалған.

"Еңбек инспекциясына тиісті тексеру тапсырылды. Іс қала прокуратурасының және Полиция департаментінің басшылығының бақылауында. Қылмыстық іс бойынша басқа деректер тергеп-тексеру мүддесі үшін жариялауға жатпайды,"- деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі