Шымкент қаласында бүгінде 33 спорттық ұйым жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қаладағы басқарма жұмысының жайын баяндады.
Спикердің айтуынша, қалада №12 спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталған. Оның құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған.
Сонымен қатар, басқарма басышының сөзіне сәйкес, Шымкент қаласында бүгінде 33 спорттық ұйым жұмыс істеп жатыр. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі қамтылған.
2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.
Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқа да қызметкерлер жалпы саны 523 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отырғанын айтты басқарма басшысы.