Шымкентте ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді

0
1 073

Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек.


Шымкентте ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді

Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орайластырылып, ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихатаы және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы. AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған "IamBala" ҚҚ, "Ерекше жол", "Жақсы сиқыршы", "Рахмет саған, анашым" ОМД, "Өркен" ББФ, "Жігер" ҚБ, "Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы" ҚБ, "Іскерлік қауымдастық" ҚБ қамқорлығындағылар және Шымкент қалалық арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты.
Аталған жиынның негізгі мақсаты - ерекше жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау түрлі қорлардың қамқорлығындағы адамдармен кездесіп, пікір алмасу.
Іс-шара барысында көрме залы бірнеше секторларға бөлініп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, суреттер, аппликациялар және қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрсетілді.
Ал, ойын-сауық секторында аниматорлар балалармен жұмыс істеп, түрлі конкурстар ұйымдастырып, балаларға қызықты ойындар ойнатты. Сондай-ақ, жиналғандар концерт алаңында балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың өнерін тамашалады.
Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен "ARMAN ALANI "Қазақстандық коалициясы" ЗТБ және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» ұйымдастыруымен өтіп жүрген аталмыш іс-шаралардың маңызы зор.
Ол балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың шығармашылығын, ізденіс дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардарды қолдау үшін бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды.