Шымкент қаласының әкімі ерікті түрде вакцина салдырды

0
2 383

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды.


Шымкент қаласының әкімі ерікті түрде вакцина салдырды

Бүгін алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.

Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Бұл үшін қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді.

Қалада екпе егу жұмыстарын жүргізу үшін емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылған.