Бүлдіршіннен үйден шығып кетуінің себебін сұрағанда, ол анасының ұрып-соғуымен байланыстырған.
Шымкент қаласыда кәмелет жасқа толмаған қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жеткіншектің анасы бұл жайында жергілікті полиция қызметкерлеріне баяндаған. Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған қызды аман-есен үйіне қайтарды.
Жеткіншекке қысым көрсеткен азамат бұған дейін де дәл осындай жағдайға байланысты тіркеуге Полиция қызметкерлері жеткіншекті Самал-3 шағын ауданы "Алматы" тасжолының бойынан тапқан. Ұзақ уақыт аш жүріп әлсіреп қалған жасөспірімге ас алып беріп, мән-жайды анықтау үшін басқармаға жеткізді. Бүлдіршіннен үйден шығып кетуінің себебін сұрағанда, ол анасының ұрып-соғуымен байланыстырған. Сол себепті, Сарыағаш ауданында тұратын әжесінің үйіне бару үшін үйден қашып кеткенін айтқан.
Тәртіп сақшылары айтылған сөздерді назарға ала отырып, жедел Сарыағаш қаласында тұратын баланың туыстарымен байланыс орнатады. Нәтижесінде қыздың анасына кәмелет жасына толмаған балдарымен жалдамалы пәтерде заңсыз тұрғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни азаматшаның тұрғылықты мекенжайы Сарыағаш ауданында тіркелген. Жауаптылар қыздың үйіне барып әлеуметтік жағдайымен танысып, көршілердің пікірін тыңдап шықты. Өкінішке орай жасөспірімдердің анасы туралы ешкім оң пікір білдірмеді.