Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Қаратау аудандық Мансап орталығында қандас мәртебесі бар азаматтарға қолдау көрсету және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Осындай кезекті қабылдауда орталық мамандары М. М. Латиповаға мемлекеттік жәрдем шаралары бойынша кешенді кеңес берді. Кездесу барысында қандастарды белгіленген қабылдау өңірлеріне қоныстандыру бағыты, ерікті түрде қоныс аудару тәртібі мен ұсынылатын қолдау тетіктері толық түсіндірілді.
Мамандардың мәліметінше, аталған азаматша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат негізінде тұрақты тұрып жатыр.
Бұл бағыттағы іс-шаралар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында тұрақты түрде жалғасады.


