Шымкентте қараусыз ғимараттың ішінен ер адамның мәйіті табылды

0
673

Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Шымкентте қараусыз ғимараттың ішінен ер адамның мәйіті табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында қараусыз ғимараттың ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы қараусыз ғимараттың ішінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

“Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Тергеу жұмыстарының барысында оқиғаның мән-жайы анықталады.