Шымкентте кәсіптік оқыту курсына қатысқандарға тұрмыстық техникалар табысталды

0
1 047

2019 жылдың басынан бері 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.


Шымкентте кәсіптік оқыту курсына қатысқандарға тұрмыстық техникалар табысталды

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Нұр Отан партиясының Шымкент қалалық филиалы, қайырымдылық қорларының ұйымдастыруымен қысқамерзімді кәсіптік оқыту курсын оқығандарға тігін машиналары мен кондитерлік пештер берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Нұр Отан партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен және қайырымдылық қорларының белсене қатысуымен өтті.

Шара байрақты еліміздің дамуында еңбегі елеулі бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаудан басталды. Сонымен қатар, қысқамерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдаған 30 бағдарлама қатысушысына тігін машиналары мен кондитерлік пештер сыйға тартылды.

Бұл кәсіп бастауды мақсат еткен азаматтарға зор қолдау. Тиісінше, үшінші мегаполисте "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы" аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойылып отыр.