Шымкентте кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан балалар жазылды

0
428

Науқас балалардың денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды.


Шымкентте кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан балалар жазылды

Шымкент қаласында кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан балалар айығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар ауыр халде қалалық клиникалық балалар ауруханасына түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияның асқыну салдырынан науқастардан мультижүйелі қабыну синдромы анықталған.

Ауру белгісі анықталған 5 бала да ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылып, жеті күндей аппаратта жатып, денсаулығы жақсарған соң палатаға шығарылған.
Медицина мамандарының мәлімдеуінше , кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балалар үйдегі ересектерден коронавирус инфекциясын жұқтырған. Соның салдарынан ауру өршіп, соңы қауіпті дертке алып келген. Білікті мамандар жасаған емнің нәтижесінде науқас балалардың денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды.
"Кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдыққан балаларды емдеу үшін републикалық деңгейдегі білікті мамандармен консилиум өткізіп, емдеу шаралары бойынша кеңес жүргіземіз. Ал бізде ем алған балалар ауруханадан шыққан соң тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының бақылауына алынды. Сондай-ақ, үш науқас біздің клиникада оңалту емін алды", - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Жантасова Әсел.