Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатысты.
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Баспана «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр. Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатысты. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Айта кету керек, бұл осы отбасылар үшін көптен күткен қуанышты сәт әрі тұрмыс жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам.


