АҚШ, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Үндістан және Вьетнам мемлекеттерінен қатысушылар қызығушылық танытты.
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Әдебиет әлемді біріктіреді» халықаралық поэзия-проза оқу байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, әдебиет пен көркем сөз өнерін ұлықтаған ауқымды жоба өз мәресіне жетті.
Бірнеше айға созылған шығармашылық байқау жас ерекшелігіне қарамастан түрлі буын өкілдерінің басын қосып, әдебиеттің адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын рухани күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биыл халықаралық деңгейде ұйымдастырылған байқауға Қазақстанмен қатар АҚШ, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Үндістан және Вьетнам мемлекеттерінен қатысушылар қызығушылық танытты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – көркем әдебиетті насихаттау, шығармашылық қабілетті дамыту, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және халықаралық мәдени байланысты нығайту.


