Шымкентте «КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» аясындағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

0
90

«Кибермәдениет айы» азаматтардың киберқауіпсіздік мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіптердің алдын алуға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған


Шымкентте «КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» аясындағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында «Кибермәдениет айы» аясында кибергигиена мен ақпараттық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қаладағы білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып жатқан кездесулердің негізгі мақсаты азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, киберқауіптердің алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде дұрыс сақтауға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Осы бағыттағы кезекті іс шара №90 мектеп гимназиясында өтті. Кездесу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс қимыл басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Бекбаев дербес деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпау, күрделі құпиясөздерді пайдалану, аккаунттарды қорғау және цифрлық ортада қауіпсіз мінез құлық қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаев кибермәдениетті қалыптастыру ең алдымен әр адамның өзінен басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, интернет кеңістігінде кездесетін түрлі күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарап, қауіп төндіруі мүмкін әрекеттерден бас тарту маңызды.
Іс шараға қатысқан мектептің 11 сынып оқушысы Мөлдір Ғалымжанқызы интернет алаяқтарының теріс әрекеттері жиілеп отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдайда күмәнді сілтемелерді ашпай, кез келген ақпаратқа сақтықпен қарау қажет.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері №89 мектеп лицейінде де назардан тыс қалмады. Білім беру ұйымында киберқауіптердің алдын алуға арналған түсіндіру іс шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында Бақытжан Бекбаев пен Ернұр Қырғызбаев қатысушыларға интернет желісінде жиі кездесетін киберқауіп түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсінік берді.
«Кибермәдениет айы» азаматтардың киберқауіпсіздік мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіптердің алдын алуға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қамтиды.
Бұл бағыттағы іс шаралар қыркүйек айы бойы жалғасып, азаматтардың цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуіне қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
Бөлісу