Қазандыққа теке салуға таласқан ат үстіндегі он шақты жігіттер бір-бірін қамшымен сабаған.
Шымкентте өткен көкпардың соңы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазандыққа теке салуға таласқан ат үстіндегі он шақты жігіттер бір-бірін қамшымен сабаған. Бұл оқиғаның мән-жайы Астана арнасында көрсетілген сюжетте баяндалған.
Желілерде тарап кеткен қарап жағдайдың қиындап кеткенін әуесқой жазбадан аңғаруға болды. Сол жердегі комментатордың сабырға шақырғанынан басылмай бір-біріне былапыт сөз айтқан. Бұл істің соңы төбелеске ұласып, көкпаршылар бір-бірін аяусыз соққыға жыққан.
Тіпті, ұйымдастырушылар мен көрермендер отырған жерге дейін жеткен.
Алайда зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жаппай төбелеске қатысушыларды анықтап, "бұзақылық" бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Қазір қақтығыстың себептері анықталуда. Жергілікті спорт шенеуніктер төбелестің турнирге қатысы жоқ деп мәлімдеді. Өйткені бұл төбелесті жеке тұлға бастаған екен.