Шымкентте коронавирус жұқтырған 40 жағдай тіркелді

0
345

15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте коронавирус жұқтырған 40 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 40 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 31%-ды құрайды, 877 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 399 науқас емделуде (КВИ-158, пневмония-234, ЖРВИ-7), жансақтау бөлімінде - 26 (5 - ИВЛ, 21 - НИВЛ).
Бір тәулік ішінде қалада 6787 адам вакцина алды (I компонент-3361, II компонент-3426). Егу науқаны басталғалы барлығы 200 152 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 105 374 адам вакцинаның екі компонентін алды.