Шымкентте коронавирус жұқтырған 58 жағдай анықталды

0
326

12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте коронавирус жұқтырған 58 жағдай анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 58 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 160 науқас емделіп шықты.

Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Атап айтсақ, («Инфекциялық орталықта» - 490 төсек орын, «Атамекен» клиникасында - 450 төсек орын, «Орынбаев гипербариялық оттегі орталығында» - 70 төсек орын, 14 емдеу орталығында - 250 төсек орын, қалалық перинаталдық орталықта - 30 төсек орын, №2 оңалту орталығында - 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасында - 10, Шымкент «Жүрек орталығында» - 6). Оның ішінде 865 төсек орны бос. Ал 411 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда (КВИ-173, пневмония-231, ЖРВИ-7), жансақтау бөлімінде - 23 (4 - ИВЛ, 22 - НИВЛ).