Шымкентте коронавирустан 152 адам емделіп шықты

0
397

Шымкент қаласы «жасыл аймақта».


Шымкентте коронавирустан 152 адам емделіп шықты

Шымкентте өткен тәуілікте коронавирустан 152 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 31 жағдай (20-сы симптоммен, 11-і симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 152 адам емделіп шықты. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 809 азамат ауруханада және үй жағдайында ем қабылдап жатыр.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 8 маусым күні 197 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (194 кәсіпкерлік нысан, 3 жеке нысан).
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр.