Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Selena Group» холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Бұған дейін тараптар инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылаған болатын. «Selena Group» – құрылыс химиясын өндіретін әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялардың бірі, сондай-ақ қазақстандық нарықта тұрақты орны бар.
Өндірісті іске қосу келесі жылдың көктеміне жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесін арттыруға және қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Айта кетейік, «Selena Group» компаниясының Қазақстанның сегіз қаласында өкілдігі бар, ал әлем бойынша 15 өндірістік кәсіпорынға ие, соның ішінде Астанадағы зауыт та бар. Жобаның жүзеге асуы Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ғана емес, Шымкенттің заманауи индустриялық базасын қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.


