Шымкентте құрылыс кезінде жұмысшы ауыр жарақат алды

0
562

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте құрылыс кезінде жұмысшы ауыр жарақат алды

Шымкентте құрылыс жұмыстары барысында жұмысшыны ток соқты деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 1 қазан күні сағат 14-39-да Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы,Темірлан тас жолының № 1/2 учаскесінде болған.

"Айдос" ЖК аумағында салынып жатқан көлік жуу ғимаратында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1975 жылы туған жалдамалы жұмысшы электр тогымен соққы алды. Оқиға салдарынан ер адамның денесінің 30-35% күйген ( II-III дәрежелі). Зардап шеккен жұмысшы жағдайы орташа диагнозымен ауруханаға жатқызылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған отрядының өрт сөндірушілері зардап шеккен адамды шатырдан түсіріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.