Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті.
Биыл байқауға қаладан 183 отбасы қатысып, ақтық сында - 20 отбасы бақ сынады. Жеңімпаздарды арнайы құттықтауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
- Отан - отбасынан басталады. Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді. Ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп жүрген шараға қатысуға ниет етушілердің көптігі көңіл қуантады. Мемлекет - отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Берекесі жарасқан, құтты шаңырақ иелерін мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз,- деді Сәрсен Абайұлы.
Байқау нәтижесінде, Сыдықовтар отбасы үздік деп танылып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.