Шымкентте негізгі азық-түлік қоры толық жасақталған

0
824

Шымкентте азық-түлік тапшылығы жоқ.


Шымкентте негізгі азық-түлік қоры толық жасақталған

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттіктерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қалалық азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорынан 2 млрд.теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбілмансұр Жанбатыров мәлімдеді.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қажетті азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қаралған қаржы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сауда нүктелеріне бағытталып отыр.
Шымкентте азық-түлік тапшылығы жоқ. Бүгінде негізгі азық-түлік қоры толық жасақталған. Сондықтан, қала тұрғындарын сабыр сақтап, дүрбелең туғызбауға шақырамыз, - дейді Ә.Жанбатыров.
Айта кетейік, өткен жылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қордан 5,7 млрд. теңге бөлінген.