​Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты текстеруге болады

0
97

Сынақ емтиханы үміткерлерге дайындық деңгейін бағалауға және жиі жіберілетін қателерді анықтауға көмектеседі.


​Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты текстеруге болады

Шымкент тұрғындары негізгі емтиханға дейін өздерінің жүргізу дағдыларын тексеру үшін алдын ала практикалық емтихан тапсыра алады.

Қызмет Достық шағын ауданы, 2343/1 мекенжайында орналасқан МХҚКО-да көрсетіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлады.

Сынақ емтиханы үміткерлерге дайындық деңгейін бағалауға және жиі жіберілетін қателерді анықтауға көмектеседі. Практикалық емтихан кезінде ең жиі кездесетін қателердің қатарында бұрылыс сигналдарын уақтылы қоспау және тоқтату сызығын кесіп өту бар.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл қызметті шамамен 300 адам пайдаланған. Емтиханды демалыс күндері тапсыруға болады: сенбі күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Еске сала кетейік, қызмет ақылы және «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы «Сынақ жүргізу» бөлімінде алдын ала жазылу арқылы қолжетімді. Жазылмас бұрын жария оферта шартының талаптарымен танысу ұсынылады. Үміткерлер механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар автокөлікті таңдай алады.
Сонымен қатар, емтиханға қатысу үшін үміткер автомектепте оқудан өтіп, тиісті санат бойынша курсты аяқтау туралы куәлік алуы керек.
Бөлісу