Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елінен және өз еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысатын болады.
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» Гран-принің Халықаралық турнирі басталды.
Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтті. Оған алты елден 200-ден астам спортшы қатысқалы отыр. Атап айтқанда «Алтын мерген» Гран-принің Халықаралық турниріне Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елінен және өз еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысатын болады.
Нысана көздеу арнайы электрондық құрылғыдағы Sius Ascor бағдарламасында өтеді.
Сондай-ақ, турнир барысында Олимпиада және Азия ойындарының, Азия чемпионатының, Әлем Кубогі мен Әлем Чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері өздерінің шеберліктерін де паш ететін болады.
Айта кету керек, «Алтын мерген» Гран-принің Халықаралық турнирін өткізудің басты мақсаты – елімізде ату спортын дамыту, отандық спортшылардың біліктілігін арттыру және олардың нақты рейтингін анықтау, сонымен қатар спортшыларымызды республикалық және халықаралық сайыстарға даярлау, сондай-ақ төрешілер мен жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру болып отыр.
Еске сала кетсек, «Алтын мерген» Гран-принің Халықаралық турнирі Шымкент қаласында 22 ақпан мен 29 ақпан аралалығында өтетін болады.