Шымкентте оқушыларға «Төлем» картасы тегін беріліп жатыр

0
1 325

Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балалары картаны мектептің әлеуметтік педагогынан ала алады.


Шымкентте оқушыларға «Төлем» картасы тегін беріліп жатыр

Шымкент қаласында «Төлем» компаниясы тарапынан тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жеңілдік ретінде оқушыларға арналған «Төлем» картасы тегін берілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балалары картаны мектептің әлеуметтік педагогынан ала алады.

Толық мәліметті мектептің әлеуметтік педагогынан білуге болады. Қалада оқушылар үшін жалпы жол жүру ақысы төмендегідей белгіленген:
– 35 теңге (7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).
– 50 теңге (15-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).