Аталған жиынға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова, қалалық мәслихат депутаты Н.Керімбаева қатысты.
Шымкент қаласында «Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлескен «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында арнайы психологиялық тренинг және «Отбасы – Отан тірегі» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жиынға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова, қалалық мәслихат депутаты Н.Керімбаева қатысып, батыр аналарға еліміздің демографиясына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.
11 баланың анасы Қ.Дарибаева, 10 балалы ана Ж.Егембердиева және 12-ші перзентін дүниеге әкелуге дайындалып жүрген Ж.Әлжановалар сөз сөйлеп, өз қуаныштарымен бөлісті.
Сондай-ақ, перзенттерін жалғыз тәрбиелеп жүрген 2 әке де осындай қуанышты күн сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.