Шымкентте өткен тәулікте 100-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

0
764

Ауырғандардың көбі – ересектер.


Шымкентте өткен тәулікте 100-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте 12 шілде күні 87 адамнан коронавирус анықталды , деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауырғандардың көбі – ересектер. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 15 жағдай анықталған. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3 есе жоғары тіркелді.
Коронавирусты инфекциямен ауырғандар профилактикалық тексеру кезінде және науқастар өз бетімен медициналық көмекке жүгінгенде анықталуда. Коронавирустың симптомды түрімен ауырғандар емдеу хаттамасына сәйкес ем алады, ал симптомсыз түрімен ауырғандар 10 күн медициналық бақылауда болады.
Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде.
Айта кетейік, өткен тәулікте 99 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 603184 адам вакцинацияланған. 352789 адам ревакцинациядан өтті.