Шымкентте өткен тәулікте 18 адамнан коронавирус анықталды

0
335

Инфекциялық стационарда 232 науқас емделуде.


Шымкентте өткен тәулікте 18 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 15 қараша күні КВИ-дің 18 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 16, белгілері жоқ – 2), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 6 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын бар, толымдығы 30 пайыз. Инфекциялық стационарда 232 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 177 төсек орын бар, 41 науқас ем қабылдауда.